Меню KDT

Новости

«Қазақ тілі әлеміне саяхат» (интеллектуалды сайыс)

Тақырыбы: «Қазақ тілі әлеміне саяхат» (Интеллектуалды сайыс)

Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.

Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, өнер, халық педагогикасы.
Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
    1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
    2) Әділ-қазылар алқасын сайлау.
    3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
    4) Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу.
    І топ: «Тұлпар»;

Ұраны: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», таңбасы – аттың суреті.
ІІ топ: «Домбыра»;

Ұраны: «Бабамның үні, бабамның тілі – домбыра», таңбасы – домбыра.

         Олай болса, сайысымызды бастаймыз. І тур «Бәйге» деп аталады. Қойылған сұрақтарға тез дұрыс әрі жылдам жауап беруіміз керек. Әр топқа 1 минут уақыт беріледі.

         І тур «Бәйге»

         «Тұлпар» тобына сұрақтар:
1. «Термин» қай тілдің сөзі (латын тілі)
2. Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? (табу)
3. Сөз мағынасын не зерттейді? (лексика)
4. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңдар (тұрақты тіркес)
5. Тілдің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс)
6. Жалғаудың түрлерін атаңдар (көптік, тәуелдік, септік, жіктік)
7. Неше септік жалғауы бар? (7)
8. «Ақ киізге көтерді» тіркесінің мағынасы не? (хан сайлады)
9. Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі)
10. Дыбысты немен таңбалайды? (әріп)
11. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (әліпби)
12. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? (42)
13. «Еңбек етсең –  емерсің» тақырыбы не? (еңбек ету)
14. Қосарлы дыбыстардың саны нешеу? (3)
15. «Әліпби» сөзі қай тілден енген? (араб тілі)
16. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)
17. Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді? (ашық, қысың)
18. Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата. (қатаң, ұяң, үнді)
19. Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз қалай аталады? (ұяң)
20. Дауыссыздар ненің қатысына қарай 3-ке бөлінеді? (салдыр мен үн)
         «Домбыра» тобына сұрақтар:
1. Екпін түрі нешеу? (4)
2.Үндестік заңы нешеу? (2)
3. Қосымшаны тіл білімінің қай саласы зерттейді? (морфология)
4. «Лексика» сөзі қай тілден енген (латын тілінен)
5. Тыныс белгісін не зерттейді? (пунктуация)
6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
7. «Пәлеқор» сөзі буын үндестігіне бағына ма? (жоқ)
8. Көзқарас қандай сөз? (біріккен)
9. Дыбыс үндестігінің түрлерін атаңдар (ілгерінді, кейінді)
10. Орфография нені зерттейді? (дұрыс жазылуын)
11. «Жаны зәр түбіне жету» мағынасы не? (қорқу)
12. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» тақырыбы не? (дос)
13. Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (еріндік, езулік)
14. Дауыстылардың саны қанша? (12)
15. Әліпбидегі 10-дыбыс қандай дыбыс? (Ж)
16. Сөз таптары нешеу? (тоғыз)
17. Қосымшаның неше түрі бар? (екеу)
18. Жұрнақтың түрлерін атаңдар (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)
19. Зат есімнің мағыналық түрлерін атаңдар(деректі, дерексіз, жалпы, жалқы)

  1. Сын есімнің шырайларын атаңдар ( жай, салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы)

         ІІ тур «Полиглот»

         Бұл турда түсіп қалған сөздерді тауып, екі тілде айту керек (қазақша және орысша тілдерде)

  1. ...қылды қақ жарған (қара, черный)
    2. Атадан жақсы ұл туса,
    Есіктегі басын төрге сүйрер.
    Атадан ... ұл туса,
    Төрдегі басын жерге сүйрер (жаман, плохой)
    3. Ел қонбаса – ... азады,
    Жер болмаса – ер азады (жер, земля)
    4. ... ала болса, ауыздағы кетеді,
    Төртеу түгел болса, төбедегі келеді (алтау, шестеро)
    5. ... тас жарады,
    Тас жармаса, бас жарады (тіл, язык)
  2. ... көпті жау алмайды,
    Ақылы көпті дау алмайды (досы, друг)
    7. ... өссе, елдің көркі,
    Гүл өссе, жердің көркі (қыз, девочка)
    8. ... таумен кездеспейді,
    Адам адаммен кездеседі (тау, гора)
    9. Қына тасқа бітеді,
    ... басқа бітеді (білім, знание)
    10. ... сүйектен өтеді,
    Таяқ еттен өтеді (сөз, слово)
    ІІІ тур «Топтан топқа көрімдік»
    Бұл турда топ ойыншылары қима қағаздағы сөздерді алып, қимылмен немесе жуық сөздермен көрші топқа түсіндіреді. Тапқан топқа ұпай беріледі.
    «Тұлпар» тобы:                                     

Ат
Дулыға
Сандық
Той
Жол
Сәби
Ту
«Домбыра» тобы:
Киіз үй
Жұлдыз
Телефон
Кітап
Көгершін
Балмұздақ
Боран
         ІҮ тур «Өтірік өлеңдер»
(Әр топ белгілі уақытпен ойларынан өтірік өлеңдер шығаруы тиіс. 2 минут уақыт беріледі).
         Ү тур «Алты жұмбақ»

         (Оқушылар берілген үзіндінің қай шығармадан екенін анықтап, қандай салт -дәстүрдің бар екенін анықтауы керек).

         - Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын, - деп бай тоғыз қызға қандай салт-дәстүрдің түрін жасап келіпті?   Сұрақ: қай шығармадан алынған? Қандай дәстүр бар? (“Ер Төстік”ертегісі, құдатүсу)
         - Мен айыптымын, менен бір қателік болды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп – мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған бір қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш деп, - хан өзінің досына разы болып, бірнеше түйеге асыл заттар арттырып, мал беріп, досын Ақша ханның еліне көшіріп салады.

         Сұрақ: қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар? («Аяз би» ертегісі, енші беру).
- Алтынмен ішін безеген,
Сырты күміс ақ отау.
Келістіріп түзеген,
Арттыруға сайланды.
Қырық түйе қазына ,
Қырық құл мен қырық күң,
Қосып берді қызына.
         Сұрақ: қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар? («Ер Төстік» ертегісі, жасау беру).
  - Көтібар қызды қосты Әлібекке,
Атақты өзі батыр асыл текке.
Жүз-жүзден кілем, тон, ішік қылып,
Арттырды елу нарды әділетке.
Сұрақ: қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар? («Айман-Шолпан» жыры, киіт кигізу, жасау беру, үйлендіру).
 - Балталы , Бағаналы ел, аман бол!
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!
         Сұрақ: қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар? («Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры, қоштасу).
- Өлім деген тәңірі иесі,
Желіккен құлан әңгісі.
Құлан мен тұлпар желіккен,
Жосыған құлан желіккен,
Балаңды шайнап өлтіріп,
Жұлмалап жалмап кетіпті.
         Сұрақ: қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар? «Ақсақ құлан Жошы хан» аңызы, естірту).
         ҮІ тур «Үздік топ басшысы»
         (Екі топ жетекшісі А мен В әрпінен қалағанын таңдайды. А әрпін таңдаған топ – сын есім, В әрпін таңдаған топ – сан есім қатысқан мақал-мәтелдер айтады. Дайындыққа 1 минут)
         (Жалпы барлық турдың қорытындысын тыңдау).
        

         Мұғалім:
         Оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта білетіндіктері байқалды. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдысы,тіл мәдениетінде нақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін-бірі тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды. Оқушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрін қадір тұтып, адамгершілік қасиеттерге ие болды. Олай болса, тіліміз бен елімізді, салт-дәстүрімізді құрметтей білейік, құрметті оқушылар! Осымен біздің интеллектуалды сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаз топты құттықтаймыз! Ойында жеңілсек те, өмірде жеңілмейік! Келіп тамашалағандарыңызға мың алғыс, құрметті ұстаздар қауымы. Сау болыңыздар!



Просмотров: 1355

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Опрос

Статистика

  • Осы айда9
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки