Меню KDT

Новости

Сабақтың тақырыбы: Көктем қандай көрікті?

Сабақтың тақырыбы: Көктем қандай көрікті?

Мақсаты: Мәтінді оқу арқылы мазмұны мен негізгі идеясын ашу. Жыл мезгілдерінің әрқайсысына  сай атаулары мен құбылыстарын аңғара отырып, өз бетінше  жұмысқа  үйрету

 Нәтижесі: Мәтінді оқу арқылы мазмұны мен негізгі идеясын ашты. Жыл мезгілдерінің әрқайсысына  сай атаулары мен құбылыстарын аңғара отырып, өз бетінше  жұмысқа  үйренді

Ресурстар: Бағалау парағы, микрофон, стикер, смайликтер, бор, түрлі-түсті маркер, суреттер, қима сөздер, автор портреті.

Әдіс- тәсілдер:  «Хикая пирамидасы»,  «Адасқан оқиға»,  «Insert»,

Сабақтың кезеңдері

Көктем қандай көрікті?

Әли Ысқабай

 

І.Ынтымақтастық орта

 

 

Топқа бөлу

/2 мин/

  Ескісіз- жаңа болмайды, Ескісіз-дана болмайды.

      Сыныптастар, осы біздер қандаймыз?

 Талабы биік таудаймыз!    Ақылдымыз!     Парасаттымыз!   Көңідіміз!

 Үлкенге ізеттіміз!   Кішіге қамқормыз!   Көп оқимыз!

Жыл мезгілдерін ретпен атау арқылы топ құру (Көктем, Жаз, Күз, Қыс)

 

І.Білу
/10 мин/

«Хикая пирамидасы» әдісі

Тарауды қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар: «Масатыдай құлпырар жердің жүзі»

Көктем тобы,  Жаз тобы,  Күз тобы, Қыс тобы:

Нөмірленген стикер таңдай отырып, тапсырмалар орындайды.

Бағалау парағы

 

ІІ Түсіну

/10 мин/

Төрт жыл мезгілінің суреттерін көрсете отырып, жұмбақ шешу

Ақ түсті, Көк түсті, От түсті, Тот түсті – Төрт түсті жер үсті. /Қыс, көктем, жаз, күз - Жыл мезгілі/

«Адасқан оқиға»  Әр топ атауына байланысты тұрақты сөз тіркесін таңдау, құру. /туды, шықты, түсті, келді/

Құрған сөз тіркестерін қорғау.

Қима сөздер  Көктеу, Жайлау, Күзеу, Қыстау. Бұл жыл маусымдарына байланысты мал шаруашылығының тұрағына  сөз тіркесін құру.

-         Бүгін біз жыл мезгілдеріне байланысты тұрақты, табиғи құбылыстарды білдік. Сонда бәріміздің ортақ үйіміз не деп ойлайсыңдар? Табиғат. «Табиғат – менің өз үйім» бөлімін оқып танысамыз. «Көктем қандай көрікті!» Әли Ысқабай

«Микрофон» әдісі Автор туралы мәлімет дауыстап оқу.

  Ысқабаев Әли Әпекұлы (05.05.1939 жылы Балқаш ауданында, Құйған ауылында туылған) — жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.

 

ІІІ Қолдану

/8 мин/

«Insert» әдісі Оқушылардың тізбектеп оқуы. Мәтіннің тарауға берілген  суретпен байланысты бөлімін түртіп алып, оқу.

Дәптермен жұмыс «Мағынаны тану»

Қасат қар – қалың  жауған қар.

Хош иісіне елтіген – аңқыған жақсы иісін ұнатқан

Бағалау парағы

 

Сергіту сәті

/1 мин/

Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)

 

ІVТалдау

/7 мин/

«Идея туралы пікір» әдісі

Көктем тобы: Мәтінді бөлімдерге бөліп, жоспар құру.    1. Табиғат көрінісі. Көрікті табиғат 2. Саяхат. Достар.

Жаз тобы: Сайран  сияқты көктемді ұнатпайтын достарыңа не айтар едің?

Күз тобы: Көктем мезгілі сендерге неліктен ұнайды?

Қыс тобы: Оқиға желісіне қатысты етістік сөздерді жазу. Мазмұндауға арналған тірек сөздер. /қар еріді, сылдыр қақты, қиқулайды, жіпсіді, теңіздей толқиды, жайқалып шықты т.б./ Вербальды бағалау

Бағалау парағы

 

V Жинақтау

/3мин/

 

Әр жыл мезгілі  өзінше 3-ке бөлініп аталады. Олар қалай аталатынын білесіңдер ме?

Көктем / ерте, орта, көктем аяғы/

Күз /алтын, қоңыр, қара күз/

Келесі тапсырма: Бет 52-53, «Көктем мезгілі саған неліктен ұнайды?»  эссе жазу. Жаз, Қыстың 3-ке бөлінуін білу, іздеу.

Бағалау парағы

 

VІ Бағалау /2 мин/

 

 

 

 

Рефлексия /2 мин/

Бағалау парағы

Оқушы аты-жөні

Мен қандай үлес қостым?

Үй жұмысы

Жаздым

Түзеттім

Оқыдым, ауызша жауап

Сызба жасадым

Қорғадым

Баға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бір сөзбен» әр топқа 12 сөз жазылған парақ тарату,

3 сөз таңдап дөңгелету

 



Просмотров: 940

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Опрос

Статистика

  • Осы айда9
  • Осы аптада3
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки